Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда ұлтаралық араздықты тудыру ісі бойынша сот басталды

9 Сәуір 2025, 12:43
792
Бөлісу:
 instagram.com/qaznews24
Фото: instagram.com/qaznews24

Алматыда Т. Енсебекке қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі офлайн форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл іс Қазақстанда "Заң мен тәртіп" принципінің қатаң сақталатынын көрсететін мысалдардың бірі. Оқиғаны сөз бостандығына қысым ретінде көрсету әрекеттері негізсіз, себебі бұл іс нақты заң бұзушылық – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша ұлтаралық алауыздықты қоздыру дерегімен байланысты.

Оқиғаның мән-жайы

2024 жылдың 21 қаңтарында Т.Енсебек өзінің танымал әлеуметтік желідегі арнасында "Қазақстандық рэперлер Тина Канделакиге қатаң жауап берді" деген жазбамен бірге этникалық сипаттағы араздық тудыратын, кейбір этностарға бағытталған ауыр сөздер айтылатын ән жариялаған. Сараптама бұл материалдардың этникалық топты қорлау белгілері бар екенін дәлелдеді. Сот Т.Енсебектің бұл әрекетін қасақана жасалған заң бұзушылық деп таныды.

Сараптаманың қорытындысы

Сот-психологиялық және филологиялық сараптамалар Т.Енсебек жариялаған материалдардың этникалық топ өкілдерінің ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын белгілері бар екенін анықтады. Осылайша, оның әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөліміне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.

Кейбір адамдар бұл оқиғаны сатирамен байланыстырып, Т.Енсебектің әрекетін ақтауға тырысуда. Алайда заң ұлтаралық алауыздықты қоздыруға қатысты материалдарға сатиралық сипат деп қарамайды. Сатира мен қылмыстық әрекеттердің ара-жігін нақты ажырату қажет. Т.Енсебекке тағылған айып оның сатиралық қызметіне емес, заң бұзушылыққа негізделген.

Қазақстанның көпұлтты қоғамында ұлтаралық алауыздыққа әкелетін кез келген әрекет қоғамдық келісім мен тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Демократия мен сөз бостандығы ұлттық бірлікті бұзуға жол бермейді. Бұл іс заңның бәріне бірдей қолданылатынын және ұлтаралық алауыздықты қоздыру әрекеттері үшін жазасыз қалуға жол берілмейтінін көрсетеді.

Қазақстандағы ұлттық келісім саясаты кез келген этносқа бағытталған жеккөрінішті материалдарға нөлдік төзімділікті қамтамасыз етеді. Мемлекет осындай жағдайларға қатал әрі дәйекті түрде жауап береді, себебі ұлттық бірлік – ел тұрақтылығының кепілі.

Өзгелердің жаңалығы