Алматыда уланған балалар ауруханаға жеткізілді

13 Шілде 2022, 04:18
2144
Бөлісу:
Алматыда уланған балалар ауруханаға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда төрт бала химиялық улану белгілерімен шұғыл медициналық жәрдем орталығына түсті. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, оқушылар қаладағы қонақ үйлердің бірінде жәндіктерге қарсы залалсыздандыруға арналған препараттан уланған. Балалардан тиісті сараптама алынып, қажетті ем тағайындалды. Белгілі болғандай, 7 мен 15 жас аралығындағы 17 бала Павлодар облысынан Алматыға жарысқа келген.

Келген кезде балалардың шағымдары бас айналуы, жүрек айнуы болды. Бізде барлық 17 бала дәрігерлер қарап, ішіндегі 4 баланы тәуліктік стационарлық ем алуға жатқыздық. Бүгінгі таңда жатқан 4 баланың жағдайы орташа ауырлықта. Емнің нәтижесі бар. Алдағы күндері шығарамыз деп жоспарлап отырмыз, - деді қалалық Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Өзгелердің жаңалығы