Алматы, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында қалалық ТЖД бастығының орынбасары Самат Асаинов ТЖД бірінші басшысының атынан Алатау ауданы индустриялық аймағының жаңадан іске қосылған өрт сөндіру депосының ғимаратында орналасқан жеті қызметтік пәтердің кілтін табыс етті.
Бір бөлмелі, екі және үш бөлмелі пәтерлерге орналасқандардың арасында өрт сөндіруші құтқарушылар, бөлімше командирлері, өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметінің бас мамандары мен инспекторлары бар.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында мен үшін қаланың жаңа ауданында жаңа қызметтік пәтерлердің кілттерін тапсыру үлкен мәртебе. Тұрмыс жағдайларын жақсарту гарнизон қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Жаңа деполарды салу кезінде қызметтік тұрғын үй бөлу мүмкіндігінің пайда болуымен әрбір қызметкерді тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданады. Әкімдіктің қолдауымен жеке құрамның тұруы үшін Үй-жайлар қарастырылған жаңа өрт сөндіру бөлімдері салынуда. Біз - мемлекет пен жалпы қоғам талап ететін авариялық-құтқару қызметтерін дамытудың жаңа кезеңін ескере отырып, өрт сөндірушілердің әлеуметтік сипаттағы мәселелерін кезең - кезеңмен шешу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз, - деп құттықтау сөз сөйледі бастықтың орынбасары, ол қала тұрғындарының игілігі үшін жақсы қызмет тіледі.
2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Қанағатов Нұржан Департамент басшылығына алғысын білдіріп, барша қазақстандықтарға ашық аспан, амандық пен денсаулық тіледі.