Алматыда тыл мамандарының әскери жиыны өтті

10 Шілде 2024, 21:07
251
Бөлісу:
Алматыда тыл мамандарының әскери жиыны өтті
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскери дағдыларды қалыптастыру мен жетілдіру деңгейін арттыру үшін жергілікті әскери басқару органдарының шақыруымен 29219 әскери бөлімінде 120-дан аса адам қатысқан тылды қамтамасыз ету мамандарының жиыны өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дайындық барысында тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен әскери міндеттілер әскери шаруашылықты жүргізу, тамақтануды ұйымдастыру, киім-кешек заттарымен қамту және тылды қамтамасыз етудің басқа да аспектілері бойынша оқудан өтті. Аспаздар, наубайшылар, жанармай жабдықтары мен киім-кешек тігіншілері, кір жуу және киім-кешек шеберханаларының бастықтары, ветеринарлық фельдшерлер мен зертханашылар сияқты мамандарды даярлауға ерекше назар аударылды.

Алматыда тыл мамандарының әскери жиыны өтті

ҚР Қарулы күштері Тыл бастығы басқармасының штаб бастығы подполковник Заңғар Омаров, Ұлы Отан соғысына қатысушы Василий Зинченко және Тыл ардагерлері әскери міндеттілерді оқудың аяқталуымен құттықтады. Салтанатты жағдайда жиынға қатысушыларға кезекті әскери атақ беріліп, алғыс хаттар табысталды.

Жиынға қатысу біз үшін жақсы тәжірибе болды. Біз білімімізді, машығымызды жетілдіріп, дене шынықтыруды жақсарттық, - деді запастағы лейтенант Артем Тумбаев. 

Қарулы күштерде жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында әскери жиындар жыл сайын өткізіледі. Ал Тылды қамтамасыз ету саласының мамандарын даярлау жөніндегі жиын алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы