Алматыда тұтынушыларға 300 млн теңге қайтарылды

Бөлісу:
Алматыда тұтынушыларға 300 млн теңге қайтарылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Мегаполисте тұтынушы құқығын бұзғандарға 168 әкімшілік жаза тағайындады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ӨКҚ алаңында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Абдиев айтты.

Жыл басынан бері департамент тұрғындардың құқықтарының бұзылуына байланысты 6 мыңға жуық өтініштерін қарады. Қорытындысы бойынша 40 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижесінде тұтынушыларға 303 239 531 теңге қайтарылды. Департамент, сонымен қатар, заң бұзушыларға 168 әкімшілік жаза тағайындады. Келіп түсетін өтініштердің негізгі үлесі бөлшек сауда және электрондық сауда саласына қатысты, оны департамент жүйелі түрде қарайды, - деді Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

Тұтынушылар көбінесе тұрмыстық қызмет көрсету саласында сапасыз қызмет алады. Департамент тұтынушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, өтініштер жасауға құқықтық көмек көрсетеді және одан ары соттарға үшінші тұлға ретінде қатысуды ұсынады.

Деректерді талдау нәтижесі тұтынушылық құқықтық мәдениеттің артуын да, жосықсыз кәсіпкерлік қызметтің өсуін де көрсетті. «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы аясында Алматы қаласының қоғамдық ұйымдары азық-түлік қауіпсіздігі сапасының сәйкестігін анықтау үшін шетелдік өндірушілердің 66-ға жуық өнім атауын сатып алып, тамақ өнімдерін сынау зертханасына сараптама жүргізуге жіберілд. Нәтижесінде 24 бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша баға белгілеуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты жосықсыз қызмет анықталды. Бұл фактілер жойылды, нәтижесінде 396 әкімшілік хаттама толтырылды,- деді Нұрлан Абдиев.

Өзгелердің жаңалығы