Алматыда тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған тариф қымбаттады

Алматыда қалалық мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 BAQ.KZ  - архив 25 Желтоқсан 2024 2024, 10:51
25 Желтоқсан 2024 2024, 10:51
740
Фото: - архив

Алматыда қалалық мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мәслихат сессиясы барысында Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Ашкенов кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін көтеруді ұсынды.

Тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері соңғы рет 2010 жылы 25 теңге/м2 ретінде бекітілді. Осыған орай, тұрғын үйді күтіп ұстау тарифін 40 теңге/м2 көлемінде бекітулеріңізді сұраймын. Бұл өзгеріс қала бойынша 260 340 пәтерді қамтиды, - деді Дулат Ашкенов.

Мәслихат шешімімен кондоминиум объектісін басқаруға және оның ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 40 теңге/м2 көлемінде бекітілді.

Наверх