Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Брусиловский көшесінде орналасқан «Алтын Бұлақ-2» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, 120-ға жуық адам эвакуацияланған.
ТЖД өкілдері сағат 23:58-де оқиға орнына келген кезде Тұрғын үй кешенінің 6-7-қабаттарда және 17-18-қабаттарындағы екі блокта да өрт шыққаны анықтаған.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды, шығыс және батыс жағынан газ-түтіннен қорғау қызметінен жауынгерлік учаскелер құрылды, бүгінде 120-дан астам адам эвакуацияланды, 20 адам құтқарылды, өрт оқпандары енгізілді, гидранттарға автоцистерналар қосылды. Баспалдақ торларындағы түтінді азайту үшін жою автомобилі жұмылдырылды. Эвакуацияланғандардың саны өзгеріп жатыр, - деді ТЖД өкілдері.Алматы ТЖД ақпараты бойынша, Алтын бұлақ-2 тұрғын үй кешеніндегі өрт 01.45-те сөндірілген.
11 желтоқсанда сағат 23:58-де Алматы ТЖД күштері мен құралдары жоғары шақыру бойынша Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-ге шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері 00:08-де жетті, олар келгенде "Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешеніндегі 18 қабатты тұрғын үйінің екі блогында кабельдік шахталар жанғаны анықталды. Эвакуация жолдарында температура жоғарылап, қою түтін пайда болып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Құтқару жұмыстарын жүргізуге барлық күш мен құрал дереу жұмылды. Сонымен қатар дауыс зорайтқыш байланыс арқылы тұрғындарға есіктерін тығыз жауып, баспалдаққа шықпау керегі айтылды. Оқиға орнында шығыс және батыс жағынан өрт сөндіру учаскелері құрылды. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында газ-түтіннен қорғау қызметі 177 адамды эвакуациялады, оның ішінде алты бала бар, 27 адам құтқарылды, оның ішінде бес бала және екі үй мысығы бар. Өртті жою үшін өрт оқпандары қойылды, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Баспалдақтағы түтінді азайту үшін түтін шығаратын өрт сөндіру автомобильдері іске қосылды. 85 қызметкер, 23 техника жұмылды. Қаза болғандар жоқ, - деп хабарлады ведомство өкілдері.