Алматыда тұмаумен 23 мың адам ауырып жатыр

Бөлісу:
Алматыда тұмаумен 23 мың адам ауырып жатыр
Фото: BAQ.KZ - архив

Тұмаумен ауырғандардың 66 пайызы - балалар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Мегаполисте ЖРВИ, тұмау ауруларының 23086 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші - 1007,01, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,8% төмен және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 28,8% пайызға жоғары. Бұл аурудың 66,7% балаларды қамтиды. Зертханалық расталған тұмаудың 3 жағдайы тіркелді типі А/H1N1-2 және В типі-1, науқастарға ем тағайындалған,- деді Әсел Қалықова.

Айта кетейік, бұған дейін тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін 200 мың доза мөлшерінде ресейлік тұмауға қарсы вакцинасы сатып алынған еді.

Өзгелердің жаңалығы