Алматыда тұмауға қарсы вакцинаның 54 мың дозасы әкелінген

17 Қыркүйек 2024, 10:09
577
Бөлісу:
Алматыда тұмауға қарсы вакцинаның 54 мың дозасы әкелінген
Фото: pixabay.com/ru

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала аумағында ЖРВИ-дің 18 822 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші - 844,11 құрады.

Тұмауға қарсы екпе салу қыркүйек айынан басталып, қараша айына дейін жалғасады. Қоймаға тұмауға қарсы вакцинаның 54 518 дозасы мөлшерінде бірінші партия келіп түсті және медициналық ұйымдарға берілді. Қала аумағында ЖРВИ-дің 18 822 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші - 844,11 құрады, бұл өткен аптаның көрсеткішінен 42,6%-ға жоғары. Жергілікті бюджет қаражатына «тәуекел тобындағы» адамдарды вакциналау үшін ресейлік 200 000 доза мөлшерінде үш валентті тұмауға қарсы «Гриппол Плюс» вакцинасы сатып алынды, - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы