Троллейбус жүргізушісі рульді басқара алмай, аялдама мен жаяу жүргіншіге соқтығысқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жол апаты Алмалы ауданында болған. Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы Алматының Алмалы ауданында орын алған. Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта, Мақатаев көшесінің оңтүстігінде келе жатқан троллейбус жүргізушісі рульді басқара алмай, аялдама кешені мен аялдамада тұрған жаяу жүргіншіге соқтығысты. Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Алмалы аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр,- деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.