Алматы, BAQ.KZ. Наурыздың 30 күні «Алматы Арена» спорт кешеңінде сағат 09.00 триатлоннан Алматы ашық чемпионаты басталады. Бұл туралы «Almaty Triathlon Federation» қоғамдық бірлестігі мәлімдеді.
Бұл жас спортшылар үшін өздерінің нәтижелерін тексеру, Алматының және Қазақстанның алдағы триатлеттерімен жарыста күресу және еңбегі сіңген бапкерлерден кеңес алу бірегей мүмкіндік болмақ.Чемпионат екі қашықтықта өтеді: Акватлон: 5 – 6 жас; 7-9 жас; 10-12 жас. Триатлон: 13-15 жас; 15-17 жас; 18-20 жас; 21-23 жас.
Триатлон —жүзу, веложарыс және жүгіруден тұратын кешенді спорт түрі. Ол барлық бұлшықет топтарын үйлесімді түрде дамытып қоймай, рухтандырып, балаларды ер мінезді етіп тәрбиелеуге мүмкіндік береді.