Алматыда төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

Қаланың Көкшоқы шағынауданы мен «Алма» ТК маңында су тапшылығы күрделенді.

 Төтенше жағдайлар министрлігі Бүгiн 2026, 16:17
Бүгiн 2026, 16:17
850
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматының Көкшоқы шағынауданы мен «Алма» ТК маңында су тапшылығы күрделенді. Бостандық ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізу мәселесі қаралуда. Инженерлік желілерді жаңғырту, су басудың алдын алу және жол қауіпсіздігін күшейту жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласындағы «Көкшоқы» шағынауданында, «Алма» тұрғын үй кешенінде және оған іргелес тұрғын үйлерде сумен жабдықтаудың болмауына байланысты қалыптасқан жағдайға орай, аумақ пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою мақсатында, – делінген «Алматы қаласы Бостандық ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешім жобасының сипаттамасында.

Құжатта нақты мақсаттар ретінде «инженерлік желілерді жаңғырту және қайта жаңарту, ықтимал осал аумақтарда су басудың алдын алу шаралары, сондай-ақ жолдардың жекелеген учаскелерінде, оның ішінде тау бөктеріндегі аймақта тәуекелдерді азайту жұмыстары» көрсетілген.

Наверх