Форум аясында 9 елден жас режиссерлердің 9 қойылымы ұсынылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Форум 3-9 маусым аралығында өтеді. Іріктеуден өткен спектакльдер көрсетіледі.
Форумның басты мақсаты — театр әлеміндегі мәдени байланыстарды сақтау және дамыту, жас театр көшбасшыларын анықтау және біріктіру, осылайша ТМД елдерінің шығармашылық жастарының мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастығының нысандарын кеңейтуге ықпал ету.
Форумның ерекшелігі 35 жасқа дейінгі театр майталмандары қатыса алады. Форум аясында жастар бір-біріме байланысып, ынтымақтастық орнатып, коллаборация жасап жатыр. Форум ТМД елдерінің әр қаласында ұйымдастырылып келеді. Биыл мерейлі датаға орай мәдени астанамыз Алматы қаласында өтіп жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Біз үшін, біздің ел үшін елеулі оқиға деп айтуға болады. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы форумға "Mamluk. Сұлтан Бейбарыс" спектаклін алып барған едік. Көптеген тәжірбие жинап, ой алмастық. Бір-бірімізге спеактакльдің кемшіл, жақсы тұстарын айтып, ортаға салдық. Қала тұрғындары мен қонақтарын 3-9 маусым аралығында болатын спектакльдерді көріп, 9 елдің өнерін тамашалауға шақырамыз, - дейді ТМД елдерінің бесінші жастар театр форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Фархад Молдағали.
Үздік деп танылған ұжымға ақшалай сыйлықтар мен алтын, күміс және қола түріндегі естелік сыйлықтар беріледі. Форумда жүзден жүйрік танылған спектакль Мәскеуде өтетін А.П.Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестивалінің қатысушысы болады.
Қонақжай қала Алматы жастар театр форумын Ташкент қаласынан қабыл алды. Форум аясында тек қана спектакльдер қойылмайды. Білім беру бағдарламасы болмақ. Жастарымыз өздерінің біліктілігін арттып, бір-бірімен достық қарым қатынаста араласып, тәжірбие алмасары сөзсіз. ТМД елдерінің бесінші жастар театр форумы басталғанға дейін білім беру бағдарламасына қатысушылар өздерінің театрында немесе олар тұратын және жұмыс істейтін аймақтағы театрларда болып жатқан шығармашылық процестерді талдамақ. Осы ретте, театрда елеулі үлес қосқан Әзірбайжан Мәмбетовтің еңбегі мен өнерін айта кеткеніміз жөн. Ол қазақ жастарының театрда өркендеп өсуіне, дамуына өлшеусіз үлес қосты. Форумда жеңіске жеткен театр ақшалай, бағалы сыйлықтарға ие болып, П.Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестивалінің қатысушысы болмақ. Алдағы уақытта өнер көрсететін 9 елдің өнерпаздарына сәттілік тілеймін, - дейді Халықаралық театр фестивалінің бас директоры, А.П. Чехов, Халықаралық театр одақтары конфедерациясының вице-президенті - бас хатшысы Карина Цатурова.
Форум аясында білім беру бағдарламасы "Болашақ театры" зертханасы болады. Жас театр жетекшілері театр өнеріндегі жаңа бағыттар мен тұжырымдамаларды зерттеп, талқылайды. Сондай-ақ жас суретшілердің "Сценографиялық коллаж" көрмесі болады. Көрменің ашылуы 4 маусым күні сағат 18:00-де Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтеді.