Алматы, BAQ.KZ. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы қала аумағында антитеррорлық іс-шара режимі және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейінің сақталатыны туралы хабарлады.
Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қалалық ПД, Ұлттық ұланның және ҚР қорғаныс Министрлігінің әскери қызметкерлерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді. Блокпосттар жұмысын жалғастыруда.
Террорлық қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз. Шерулер мен митингтерге тыйым салынады. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз,-делінген хабарламада.
Антитеррорлық іс-шара режимінің аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.