COVID-19: Алматыда тергеу изоляторындағылар сынама тапсырды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЖРВИ белгілері бар тергеу қамауындағы адамдар COVID-19 вирусына тексеріледі. 7 маусымда Алматы қаласының тергеу изоляторындағы 7 адамнан денсаулықтың&nbsp; нашарлауына қатысты шағымданған, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметі.&nbsp;</h4>

 8 Маусым 2020 2020, 16:42
8 Маусым 2020 2020, 16:42
1994

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЖРВИ белгілері бар тергеу қамауындағы адамдар COVID-19 вирусына тексеріледі. 

7 маусымда Алматы қаласының тергеу изоляторындағы 7 адам денсаулықтарының нашарлауына шағымданған, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметі. 

Жедел жәрдем бригадасы тез арада шақыртылды. Аталған адамдар медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер медициналық көмек көрсетті. ЖРВИ белгілері бар тергеуге алынғандар ҚАЖ мекемесінің инфекциялық изоляторына орналастырылған, - делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың барлығынан ПЦР-тест алынды. Қазір тергеу қамауындағылардың жағдайы қанағаттанарлық.
Наверх