Алматыда телемедицина арқылы 3,5 мың науқасқа көмек көрсетіліп жатыр

Алматыда телемедицина арқылы 3,5 мың науқасқа көмек көрсетіліп жатыр
2515

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Телемедицина орталығындағы дәрігерлері 3527 науқасты және стационарға шыққан 49 пациентті бақылауда. Күн сайын 2500-3000 кіріс және шығыс қоңырау байланыстары қаралуда.

Қазіргі кезде Орталықпен 52 158 кіріс және 472 043 шығыс қоңырауға қызмет көрсетілді.

Телемедицина орталығы (бұдан әрі - ТМО) үйде ем қабылдап жатқан COVID-19-бен ауратын пациенттерге көмек көрсету мақсатында 2020 жылғы қыркүйек айында ашылған болатын. Орталық COVID-19 бен ауратын пациенттерге, сондай-ақ, қауіп тобына кіретіндермен қашықтан бақылау мен консультация жүргізеді.

Біз МСАК ұйымдарының мамандарымен жүргізілген офлайн кеңестен соң ТМО мамандары онлайн түрінде кеңес береді және үй карантиніндегі COVID-19-бен ауратын пациенттер бойынша мониторинг жүргіземіз. Емделуге жатқызуға көрсеткіштер болған кезде ТМО мобильдік бригада немесе жедел жәрдем шақырады. Пациенттерді тиісті медициналық көмек көрсету үшін стационарларға жібереміз - дейді ТМО басшының міндетін атқарушы Жұлдыз Бауыржанқызы.

Сонымен қатар Алматы қаласының тұрғындарынан COVID-19 ауруына шалдыққандарға медициналық көмек көрсету мәселесі жөніндегі кіріс қоңыраулар түскен кезде, мамандар активті қабылдап, тұрғынның тұратын аумақтылығы бойынша қала тұрғынына медициналық көмек көрсету үшін емханаға жібереді, сондай-ақ, вакцинация мәселесі бойынша кеңес береді.

Телемедицина орталығына тәулік бойына мына телефонмен хабарласуға болады: 8 (727) 300 505, ұялы телефоннан қысқа 13 12 номері арқылы.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы