Алматы, BAQ.KZ. Алматыда тұрмыстық техника дүкеніне шабуыл жасаған тонаушы қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 24 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталған. Одан айғақты зат ретінде ұрланған тұрмыстық техника заттары тәркіленген.
Күдікті Райымбек даңғылы бойында орналасқан тұрмыстық техника дүкенін тонауға және жаппай тәртіпсіздікке қатысқан. Белгілі болғандай, қасқөй ұрланған заттарды тұрғылықты жерінде жасырып, кейіннен сатуды жоспарлаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамға қатысты сот қамауға алу түріндегі санкцияны таңдады, – деді Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.