Алматыда Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылды

4 Қыркүйек 2023, 13:37
602
Бөлісу:
Алматыда Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз жүргендерді анықтады. Қалада іс-шараның 18 күнінің ішінде еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 2 380 адам анықталды, олардың 813-і шетелдік азаматтар. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 387 шетел азаматы орналастырылды. 

Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген 349 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жақында 30 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырды. 

Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылған. Олар “Жібек жолы” бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы