Алматыда тауға шығып, адасып кеткен туристер құтқарылды

13 Тамыз 2024, 00:29
600
Бөлісу:
Алматыда тауға шығып, адасып кеткен туристер құтқарылды
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Алматы облысы ТЖМ құтқарушылары туристерге көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 11 тамызда 22-25 жас аралығындағы екі жас турист, олардың бірі Ресей азаматы Үлкен Алматы шыңы жағындағы тауға серуенге шықты. Бірақ маршрутты білмегендіктен, олар жолдан адасып, 112 нөміріне хабарласып көмек сұраған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздестіру жұмыстары Үлкен Алматы шыңының етегінде жүргізді. 12 тамызда туристер Екіөзек өзенінен жоғары тау шыңының шығыс жағындағы бастиондарда 2700 метр биіктікте табылды, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Құтқарушылар туристерді таудан төменге түсіріп, ата-анасына аман-есен тапсырды. Жастарға медициналық көмек қажет болмады.

Өзгелердің жаңалығы