Алматыда таудан түсе алмай қалған туристер құтқарылды

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Көкжайлау аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы тауда өздігінен түсе алмаған бес туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 25 Қаңтар 2026, 21:52
25 Қаңтар 2026, 21:52
646
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Көкжайлау аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы тауда өздігінен түсе алмаған бес туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға таңертең орын алған. Туристерді таудан түсіру барысында олардың біреуі құлап, басынан жарақат алған. Құтқарушылар жедел түрде бүкіл топты қауіпсіз жерге жеткізіп, зардап шеккен адамды Апаттар медицинасы орталығының жедел жәрдем көлігіне тапсырды.

АМО дәрігерлері туристке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қосымша тексеру мен ем алу үшін медициналық мекемеге жеткізді.

ТЖМ өкілдері таулы аймақтарға шығу кезінде ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Наверх