Алмалы ауданының комьюнити орталығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының мәліметінше, гуманитарлық көмек келесі санаттарға бөлінеді:
— азық-түлік
— ауыз су
— дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар;
— киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т. б.)
— заттар (көрпе, ұйықтайтын қап, жастық және т. б.)
— тұрмыстық заттар (шатырлар, термостар, шамдар, қуаттағыштар, шәйнектер, балалар ыдыстары және т. б.);
— гигиеналық құралдар (жөргектер, әйелдер гигиенасы құралдары, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, тазартқыш заттар).
Гуманитарлық көмек Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайында қабылданады. Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін. Бүкіл ниет білдірушілер Алмалы ауданының комьюнити орталығына хабарласып, қажетті заттарды тапсыра алады. Байланыс нөмірі: +7 (747-82) 1-64-78; 7 747 540 01 40, - деп хабарлады қалалық жастар саясатының басқармасы.