Алматыда тағы бір қойма өртеніп жатыр

15 Сәуір 2025, 15:42
381
Бөлісу:
Алматыда тағы бір қойма өртеніп жатыр
Фото: Видеодан скриншот

Алатау ауданы, Самғау шағын ауданы мекенжайында орналасқан қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тілсіз жауды сөндіруге 15 сәуір күні сағат 14.48-де ТЖД қызметкерлері жіберілген.

Өрт сөндіру оқпандары іске қосылып, автоцистерналар өрт гидранттарына қосылды, сумен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Өрт орнында жедел штаб құрылып, бірнеше өрт сөндіру учаскесі жасақталды, сондай-ақ өрт сөндіру автосатысы орналастырылды, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы