Алматыда Манас көшесінің бір учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
27 шілде сағат 23:00-ден 29 шілде таңғы сағат 07:00-ге дейін Абай даңғылынаң Жамбыл көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистральдық жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп жатыр, - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-нен.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады.
Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.