Алматыда төтенше жағдайларды хабарлайтын мобильді қосымша іске қосылды

28 Желтоқсан 2019, 08:58
3627
Бөлісу:
Алматыда төтенше жағдайларды хабарлайтын мобильді қосымша іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жоба Smart Almaty концепциясын іске асыру аясында Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласының даму орталығы және қазақстандық әзірлеуші-компания I2NIK ЖШС-і арқылы іске асырылған.

Мобильді қосымшаны ОС Android және IOS базасында смартфондар мен планшеттердің иеленушілері мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктей алады, қазіргі уақытта қосымшаны 2000 желі пайдаланушысы өздеріне жүктеген.

Darmen қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-ың ұялы қосымшалар арқылы халықты  хабарлау тәжірибесі қолданылды. Бұл ретте, біздің қосымша бірнеше секундтың ішінде Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлардың, атап айтқанда дауылды ескерту, жер сілкіну және т.б. туындау қаупі мен пайда болуы туралы халықты хабардар етуге мүмкіндік береді.

Қалалық ТЖД "Қазгидромет" және Сейсмологиялық эксперименттік-әдістемелік экспедициясы қызметтерінен жедел деректер алғаннан кейін хабарландыру жасайды. Ары қарай төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі деректерді жүйеге енгізіп, push қосымшасын қолданатын желі пайдаланушыларына тез арада хабарландыру жібереді, -  делінген хабарламада.

Ұялы қосымшалар сынақтан өтті және алдында қолданылған SMS-хабарламамен салыстырғанда хабарландыруларды тез жеткізу бойынша тиімділігін көрсетті. Сонымен, 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап ТЖД қала тұрғындарына төтенше жағдайлар туралы құлақтандыруды SMS-хабарламамен бірге Darmen қосымшасы арқылы хабарлайтын болды.

Аталған қосымшаны дүкендерден App Store, PIay Market мобильді қосымшасы үшін Darmen деген атпен жүктеуге болады.

Өзгелердің жаңалығы