Алматыда субұрқаққа түскен жасөспірімнің неден көз жұмғаны белгілі болды

ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында қайтыс болған 17 жастағы жасөспірімнің сараптамасы жарияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

24 Шілде 2024 2024, 14:09
 скриншот 24 Шілде 2024 2024, 14:09
24 Шілде 2024 2024, 14:09
1271
Фото: скриншот

ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында қайтыс болған 17 жастағы жасөспірімнің медсараптамасы жарияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Оңтүстік-Шығыс өңірі бойынша өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов мәлімдеді.

Өлім суға бату кезінде тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған, - деді сарапшы.

Сонымен қатар, ол жасөсіпірмді электр тогы соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін айтты.

Еске салайық, 19 маусым күні Алматыдағы ҚазҰУ аумағында орналасқан субұрқақта 17 жастағы бала қайтыс болған еді.

 

Наверх