Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда сот шешімімен тұрғын үйдің бір қабаты сүрілді

Кеше, 23:57
166
Бөлісу:
 Алматы қаласы әкімдігі
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында сот шешімімен тұрғын үйдің рұқсатсыз салынған үшінші қабаты бұзылды. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоспардан тыс тексеру барысында Шақшақ-Жәнібек көшесі, 3 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің меншік иесі рұқсатсыз қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, жалпы аумағы шамамен 200 шаршы метр болатын үшінші қабатты салғаны анықталған.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде нұсқама берілген. Алайда талаптар орындалмаған соң, басқарма Медеу аудандық сотына үшінші қабатты бұзу туралы талап арыз түсірген.

2025 жылғы 22 тамызда сот талап арызды қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі тұрғын үйдің үшінші қабатын демонтаждау жұмыстарын бастады.

Өзгелердің жаңалығы