Алматы, BAQ.KZ. Алматыда соғыс және еңбек ардаргерлеріне жергілікті бюджет есебінен 50 мыңнан 1 млн теңгеге дейін көмек көрсетіледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, сәуірдің соңына дейін соғыс мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілгендер мен еңбек майданына қатысушыларға бір реттік төлем беру жоспарланып отыр.Алматыда мұндай азаматтардың саны 18 мыңнан асады. Осылайша, 206 Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы және мүгедектер - 1 млн теңгеден, 4 мыңнан аса адам – 100 мың теңгеден, 14 мыңға жуық адам 50 мың теңгеден 1 реттік көмек алады.