Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 17173 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.
Осы жылдың эпидемиологиялық маусымның қараша айының ортасынан бері тұмаудың зертханалық расталған 22 жағдайы тіркелді, оның 21-іА типі А/H1N1 және В типі-1, науқастарға ем тағайындалған, жағдайлары қанағаттанарлық. Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 17173 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші - 749,09, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе (41064 жағдай) төмен және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 18,7% пайызға (21140 жағдай) төмен. Бұл аурудың 63,1% -ы балаларды қамтиды,- дейді Қасымхан Алпысбайұлы.
Оқи отырыңыз: