Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда шетелдік есірткі сатушы ұсталды

14 Қаңтар 2025, 21:25
587
Бөлісу:
 BAQ.KZ  архив
Фото: BAQ.KZ архив

26 жастағы Станислав Конаков, есірткі қылмысын жасағаны үшін Ресей Федерациясы ІІМ-мен мемлекетаралық іздеуге жарияланған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда, күдікті қашып кеткен. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қашқынды Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Ол қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынып жүрген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Өзгелердің жаңалығы