Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды

10 Маусым 2024, 12:30
712
Бөлісу:
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы қаласында 7-18 жас аралығындағы әлемнің 34 елінен 650-ге жуық жас ойыншы жиналды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Чемпионат KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының, ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Азия шахмат федерациясының, Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған.

Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды

Қазақстанда жасөспірімдер арасында алғаш рет Азия біріншілігі өтіп жатыр. Бүлдіршіндер шахматтың үш түрінен – рапид, классикалық және блиц түрінен бақ сынасады. Осы ретте қазақстандық жасөспірімдер былтыр әлемнің 120-дан астам жүлдесін жеңіп келген. Осы жолы да жарыстарда жетістікке жетеді деген үміттеміз. Былтыр шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың бастамасымен 45 жас шахматшыға грант бөліп, жаттықтырды. Осы жолы жақсы мамандардан сабақ алып, дайындалған сол 45 жасөспірімге үміт артып отырмыз. Осы ретте, жастарға қолдау білдіріп, үлкен үміт артқан шахмат федерациясына алғыс білдіреміз. Жарыс 10-20 маусым аралығында жалғасын табады. Азия біріншілігіне жасөспірімдер арасында үздік ойыншылары бар елдердің келіп, бақ сынасуы ойыншылардың біліктілігін арттырары сөзсіз, - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды

Қатысушылар арасында барлығы 24 ФИДЕ шебері және 11 ФИДЕ әйел шебері бар. Жас шахматшылар 10-20 маусым аралығында барлық уақыт бақылауларында – классика, рапид және блицте бақ сынайды.

Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды

Мен Азия чемпионатында тұңғыш рет бақ сынап отырмын. Өте қатты қобалжып тұрмын. Қазақстанға, оның ішінда Алматы қаласына алғаш келуім. Маған қала қатты ұнады. Жарысқа бар күшімді салып дайындалдым. Дегенмен жеңіс мен үшін маңызлы емес. Азияның мықты ойыншыларымен қатар ойнап, өзімнің қателіктеріммен жұмыс істегім келеді, - дейді Пәкістанан келген Syeda Minahil есімді қатысушы.

Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды

Чемпионат экологиялық таза және тұрақты даму ұранымен өтуде. Турнирде қолданылатын барлық пластик қайта өңделеді және оны арнайы велошредерде қатысушылардың өздері жасай алады. Жеңімпаз кубоктар да қайта өңделген пластиктен жасалғаны назар аудартады. 

Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды

Чемпионат трансляциясы Kazsport арнасының сайтында көрсетіледі. Алматылықтар мен қала қонақтары 10-20 маусым аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт кешеніне келіп жаңа шахмат жеңістерінің куәсі бола алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 20 маусымда сағат 19:00-де өтеді.

Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды
Өзгелердің жаңалығы