Алматыда шағын және орта бизнесті несиелеу 59,6%-ға өсті

22 Маусым 2023, 12:40
684
Бөлісу:
Алматыда шағын және орта бизнесті несиелеу 59,6%-ға өсті
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Алматыда қала экономикасын одан әрі әртараптандыру мақсатында ШОБ-ты қолдау және Алматының индустриялық аймағын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл жыл басынан бері 783 жоба қолдау тапты, оның 3 мыңы басым бағыттар бойынша жоспарланған. Факторингтік келісімдерді қаржыландыру үшін «Даму» қорымен бірлесіп қосымша 3 млрд теңге бөлінді. Шағын және орта бизнесті несиелеу 59,6%-ға өсті, белсенді бизнес субъектілерінің саны 38,6%-ға өсті, – деді қала әкімі.

Бұған қоса, қазіргі уақытта Алматының индустриалды аймағында 9,7 мың жұмыс орнын құрумен 343,7 млрд теңгеге 19 жоба іске асырылуда. 

Биыл 14 жоба пайдалануға беріледі. Осы жылдың қорытындысы бойынша басым салалардың қала экономикасына қосқан үлесі 23,4%-ға дейін артады, – дейді Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы