Алматыда сержант өз-өзіне қол жұмсады

13 Қыркүйек 2024, 12:29
3755
Бөлісу:
Алматыда сержант өз-өзіне қол жұмсады
Фото: BAQ.KZ

Түрксіб ауданындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың мәйіті табылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметі жауап берді.

12 қыркүйекте Құрлық әскерлері Әскери институтының инженерлік қалашығының аумағында 1980 жылы туған келісімшарт бойынша әскери қызметшінің өмір белгілері жоқ денесі табылды. Алдын ала себеп бойынша әскери қызметші өз-өзіне қол салған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізілу үстінде. Құрлық әскерлері Әскери институтының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетін болады,- деді Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі осы іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды,- деді Ішкі істер министрлігі.

Өзгелердің жаңалығы