Алматыда сел қаупінің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

9 Тамыз 2024, 21:09
434
Бөлісу:
Алматыда сел қаупінің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

Алматы тауларында сел қаупі жоғары. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпау керектігін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 тамыз – 12 тамыз аралығында жаңбыр жауып, өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі. Алматы қаласында және оған іргелес таулы аймақта су тасқыны болуы мүмкін.

«Қатты жауын-шашынға байланысты сел қаупінің «қызғылт сары деңгейі» жарияланды», - деп ескертті департамент өкілдері.

Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың күшейтілген режиміне ауыстырылды.

Сел қаупі бар жерде не істеу керек:
- таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
- сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде (бөгеттерде) және олардың астында шатыр тікпеу, аялдамау.

Өзгелердің жаңалығы