Жәрмеңкеге Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өндірушілері қатысуда. Қала тұрғындары мен қонақтары ет және сүт өнімдерін, көкөніс пен жеміс-жидекті, бакалея тауарларын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өзінен қолжетімді бағамен сатып ала алады.
15 наурыз күні жәрмеңкелер Алмалы және Әуезов аудандарында сайлау учаскелеріне жақын аумақтарда келесі мекенжайлар бойынша ұйымдастырылды.
Алмалы ауданы:
-
№62 мектеп маңы, №167 мектептің жанында
-
Дүйсенов пен Прокофьев көшелерінің қиылысы (№34 мектеп пен жаяу жүргіншілер аймағы маңы)
-
«Кіші Ганди» сквері (№18 мектеп, «Принт Медиа» колледжі, №67 мектеп)
-
«Целинный» кинотеатры маңы (АЛТ колледжі, АЛТ университеті, №36 мектеп)
-
Жүргенов атындағы Өнер академиясы, Панфилов жаяу жүргіншілер аймағы, «Алмалы» метро станциясы, «НАТОБ» маңы
-
№54 мектеп маңы, Арбат жаяу жүргіншілер аймағы, «ҚазНИПИЭнергопром» институты
-
Жасөспірімдер театры алдындағы алаң (№90 және №147 мектептер)
-
№15 мектеп маңы, Әйелдер педагогикалық университеті
Әуезов ауданы:
-
Төле би көшесі, 303 – Д. Қонаев атындағы колледж (№169 сайлау учаскесі)
-
Тастақ-1 ықшамауданы, 1в үй – Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі (№166 сайлау учаскесі)
-
1-ықшамаудан, 76А үй – №97 мектеп-гимназия (№175 сайлау учаскесі)
-
Жандосов көшесі, 51 – Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты (№144 сайлау учаскесі)
-
Таугүл ықшамауданы, 34 үй – «Нархоз» университетінің жатақханасы (№126 сайлау учаскесі)
Жәрмеңкелерді өткізу қала кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының және «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл шаралар қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге, отандық фермерлерді қолдауға, сондай-ақ негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бағытталған.
Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта екі демалыс күнгі жәрмеңкені кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде:
- Бостандық ауданында (Қазақфильм ықшамауданы);
- Әуезов ауданында (Өтеген батыр көшесі – Абай даңғылы).
Бұл жұмыстар сауда алаңдарын санитарлық, сәулеттік және инфрақұрылымдық талаптарға сәйкестендіруге, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қоса алғанда, тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар Түрксіб, Алатау және Наурызбай аудандарында демалыс күнгі жәрмеңкелер ұйымдастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл жәрмеңке саудасының географиясын кеңейтіп, қала тұрғындарын жаңа әрі қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтуға мүмкіндік береді.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және негізгі тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында демалыс күнгі жәрмеңкелер қала аумағында тұрақты түрде өткізіліп келеді.
2026 жылдың басынан бері Алматыда 100-ден астам жәрмеңке ұйымдастырылды. Оларға Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Талғар және Жамбыл аудандарынан 315-тен астам фермер мен тауар өндіруші қатысты. Жәрмеңкелерде 1000-нан астам атаудағы азық-түлік өнімі ұсынылған.
Жалпы жыл басынан бері демалыс күнгі жәрмеңкелерде шамамен 5 мың тонна азық-түлік тауарлары, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар өнімдер сатылған. Орташа есеппен апта сайын 500 тоннаға дейін өнім өткізіледі. Қала кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен «Алматы» ӘКК-нің мәліметінше, жоспардан тыс санитарлық-профилактикалық шараларға байланысты 14–15 наурыз күндері Масанчи мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы демалыс күнгі жәрмеңке уақытша өткізілмейді. Ал қаланың басқа аудандарында жәрмеңкелер бұрынғыдай сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмысын жалғастыра береді.