Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда самокат мінген жігіт өзіне ескерту жасаған ер адамның көзін шығарды

9 Қыркүйек 2025, 15:56
1789
Бөлісу:
 - архив/ Арман Мухатов
Фото: - архив/ Арман Мухатов

Алматыда самокат мінген жігіт тротуарда ескерту жасаған жаяу жүргіншіні ұрып, көзінен айырды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда қайғылы оқиға орын алды: ер адам жас жігітке тротуарда самокатпен жүргені үшін ескерту жасаған. Алайда ол жауап ретінде жәбірленушінің бетіне қатты соққы беріп, көзінен айырған.

Алматыда самокат мінген жігіт өзіне ескерту жасаған ер адамның көзін шығарды
Фото: Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында тіркелген. 

Қазір бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Тергеу аясында істің мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция кінәлі тұлғаның заң аясында жауапқа тартылатынын атап өтті.

Еске салсақ, 2025 жылғы 5 қыркүйекте Алматыда мопед мінген әйел жүк көлігімен соқтығысып қаза тапқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы