Алматыда сальмонеллезбен сырқаттанушылық екі есе өсті

19 Шілде 2024, 12:26
521
Бөлісу:
Алматыда сальмонеллезбен сырқаттанушылық екі есе өсті

Қалада осы ауруды жұқтырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 25,0% құрайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Алматы қаласында алты айдың ішінде сальмонеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1,40 құрады. Өткен жылмен салыстырған сальмонеллезбен сырқаттанушылық екі есе өсті. Сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 25,0% құрайды. Сальмонеллез – нәжіс және ауыз арқылы берілетін жедел жұқпалы ауру. Жыл бойы кездеседі, бірақ көбінесе жаз мезгілінде ауа температурасының көтерілуіне және азық-түлікті сақтау шарттарының бұзылуына байланысты тіркеледі. Инфекцияның қоздырғыштары - Salmonella тұқымдасына жататын микроорганизмдер, - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы