Алматыда сабақ басталғалы қанша оқушы вирус жұқтырғаны белгілі болды

9 Қыркүйек 2021, 12:27
9185
Бөлісу:
Алматыда сабақ басталғалы қанша оқушы вирус жұқтырғаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа оқу жылы басталғалы қанша оқушы вирус жұқтырғанын айтты. 

Оның айтуынша, оқушылар 1 қыркүйекке дейін де ауырған, қазір де ауырып жатыр. Сабақ басталғанға дейін бір тәулікте 160 оқушыдан вирус анықталған кезі болыпты. Дегенмен вирустың таралуы қазір аз да болса төмендеген.

Қазір оқушылар арасында вирус жұқтыру жағдайы төмендеді. Оқу жылы басталғалы мектепке барып білім алған 89 баладан вирус анықталды. Олар білім алған сыныптың барлығы карантинге жабылды, яғни оқушылар онлайн режимде білім алып жатыр. Оқушылар вирусты мектеп қабырғасында емес, отбасында жұқтырған. Сондықтан ата-ана қауіпсіздік талаптарын сақтауы қажет, - деді Бекшин.
Еске салсақ, Алматы ауруханаларына түсетін ковидтік науқастар саны азайғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы