Алматыда 11 тамыздан бастап жөнделген даңғылдың оңтүстік жағында қозғалыс ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жұмыс Рысқұлов-Күдерин жолайырығынан Рысқұлов-Бөкейханов көшесіне дейінгі аумақта жүргізілді. Бұл учаске 5 жылдық нормативпен 10 жыл бойы жөндеу көрмеген.
Момышұлы көшесін жөндеу жұмыстары жалғасып отыр, ол 16 тамызда аяқталады. 15 тамыздан бастап жөндеу жұмыстарына байланысты Сәтбаев көшесінің Достық даңғылынан Луганский көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады, - деп ескертті әкімдіктен.
20 магистральдық көшені жөндеу кезінде жол төсемінің беріктігін арттыруға бағытталған полимерасфальтобетон қолданылады. Жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін, ал аудандық маңызы бар көшелердегі жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталуға тиіс.