Алматыда репродуктолог дәрігерлердің көркем романы жарық көрді

4 Желтоқсан 2021, 13:03
1665
Бөлісу:
Алматыда репродуктолог дәрігерлердің көркем романы жарық көрді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Абай кітап үйінде «Бес минут немесе бақыт технологиясы» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Кітап елімізде жасанды жолмен өмірге бала әкелудегі маңызды оқиғалар желісі бойынша жазылған. Романды елімізге танымал екі репродуктолог-дәрігер жазып шыққан. Оның бірі «PERSONA» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының негізін қалаушы, ҚР ҰҒА академигі, профессор Вячеслав Локшин. Екінші автор 20 жылдан астам кәсіби өмірін бедеулікпен ауыратын науқастарды емдейтін жоғары санатты акушер-гинеколог Шолпан Кәрібаева.

Роман авторлары айтқандай, «балалы болу-кез-келген әйелдің арманы, бірақ ол әрқашан өздігінен орындала бермейді». Романның басты кейіпкерлері – Борис Мирский мен Камилла Қасымова, кітаптың жазылуына көмектескен олар жасанды жолмен балалы болған жандар.

Романда айтылған таңғажайып әрі адамды жігерілендіретін әңгімелер осындай қиын жағдайға тап болған жандарға үмітін жоғалтпауға көмектеседі. Авторлар арманға апаратын жол үміт бар жерден басталатынына сенімді. Олар оны роман беттерінде бөліседі.


Бұған дейін көптеген ғылыми мақалалар жаздым, алайда көркем дүние жазамын деп ойламадым. Бірақ әріптесім Шолпан Кәрібаеваның көмегімен көркем әдебиет бағытында жазып шықтық. Соңғы он жылда біздің тәжірибемізде жасанды жолмен баланы өмірге әкелуде көптеген маңызды оқиғалар орын алды. Бұл жайттар тек дәрігерлерге ғана емес, жасанды жолмен бала сүйсем деп жүрген жандарға қажет болар деп шештік,-дейді профессор Вячеслав Локшин.

Сонымен қатар ол досы профессор Алмаз Шарман көркем бағыттағы кітап қазір үлкен сұраныста, соны қолға алсаңдар деп, кеңес бергенін жеткізді. Сонымен қатар ол қазір елімізде баланы жасанды жолмен өмірге әкелу жыл өткен сайын артып, дамып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ авторлар роман жазудың мотивтері, өз тәжірибесіндегі қызықты жағдайлар туралы әңгімеледі.

Осыдан он бес жыл бұрын егде жастағы әйел келіп, жақында 33 жастағы баласынан айырылғанын айтты. Оның алдында күйеуі қайтыс болыпты. Әйел баласынан ұрпақ қалдырғысы келетінін айтып, биологиялық материалды алып келіпті. Мен, оған бізде оған заң рұқсат бере ме екен және басқа да қиындықтарды айтып шығарып салдым. Алайда ол кейін қайта келді. Ол кезде бас тарта алмадым. Зерттеу командамыз бен жұмысқа кірісіп кеттік. Әйел баланы көтеретін ананы да тауып әкелді. Біраз сәтсіздіктер болды, кейін Шолпан Кәрібаеваның көмегімен 9 айдан кейін екі бала өмірге келді. Қазір олар Америкада оқып жатыр. Мұндай тағдырлар өте көп,-деді профессор.

Кітаптың тағы бір авторы акушер-гинеколог Шолпан Кәрібаева романға жасанды жолмен бала әкелудегі ең қиын болған әрі маңызды 40-қа жуық жағдайды енгізгендерін айтты.

Романда баяндалатын оқиғаның барлығы өмірден алынған. Көптеген отбасы табиғи жолмен бала сүйе алмағанымен, оны жасанды жолмен әкелуге болады. Әрине, бәрінде сәтті бола бермейді, бірақ таңғажайып жағдайлар орын алып тұрады. Сол үшін ондай жандарды үмітпен қарауға шақырамын. Бала сүйе аламай жүрген ананы «сенде баланы өмірге әкелу мүмкін емес» деп қайтарып жіберетін біліксіз дәрігерлер де кездеседі. Дәрігерден сондай сөз естіген әйел бізде 2-3 сәтсіздіктен кейін балалы болды,-дейді дәрігер.

Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының мәліметтері бойынша 1996 жылдан бастап елімізде Президенттік бағдарлама аясында өткізілген ЭКО бағдарламасын сәтті өткізгеннен кейін 25 мыңнан астам бала дүниеге келді, 2020 жылдан бастап ол «Аңсаған сәби» деп аталды және квоталар саны 1000-нан 7000-ға дейін ұлғайтылды.


Өзгелердің жаңалығы