Бүгін Алматыда мүгедектігі бар жандардың дауыс беруіне барынша жағдай жасалды. Таңғы 07:00-ден бастап, рефрендум аяқталғанша инватакси қызмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалпы мегаполисте 624 референдум учаскесі жұмыс істеді. Кез келген адам өз ұстанымын білдіре алады. Бүгін осы конституциялық құқын мүмкіндігі шектеулі жандар да пайдаланды. Олар үшін Алматыда 100 инватакси қызмет көрсетті.
Арнайы техника олардың дауыс беру орындарына жылдам әрі қауіпсіз жетуін қамтамасыз етті. Одан бөлек референдум учаскелерінде сурдоаудармашылар онлайн режимде жұмыс істеді.