Алматыда қызылшамен ауырғандардың 77%-ы - балалар

14 Желтоқсан 2023, 11:38
492
Бөлісу:
Алматыда қызылшамен ауырғандардың 77%-ы - балалар
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, мегаполисте наурыз айынан бастап қызылшаның 3321 зертханалық расталған жағдайы тіркелген.

10 қараша мен 13 желтоқсан аралығында қызылшаға қарсы ҚЖИ шеңберінде барлығы 37 990 адам қамтылды. Алматыда наурыз айынан бастап қызылшаның 3321 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2569 жағдай (77,3%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 136 (4,1%) және ересектер арасында – 616 (18,5%). Ауруға шалдыққан 2569 баланың 2444-і (95,02%) қызылшаға қарсы егілмеген. Алматы қаласында ҚҚП вакцинасы жеткілікті мөлшерде бар, - дейді Әсел Қалықова.

Өзгелердің жаңалығы