Алматыда қызылшамен ауырған баланың 95%-ы екпе алмаған

8 Желтоқсан 2023, 09:44
613
Бөлісу:
Алматыда қызылшамен ауырған баланың 95%-ы екпе алмаған
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, оңтүстік астанада 10 қараша мен 4 желтоқсан аралығында қызылшаға қарсы 17 079 адамға екпе егілген.

Наурыз айынан бастап қызылшаның 3010 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 2334 баладан қызылша анықталған 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 125 және ересектер арасында 551-ге жеткен. Ауруға шалдыққан 2334 баланың 2217-і (94,9%) қызылшаға қарсы егілмеген. Биыл 10 қараша мен 4 желтоқсан аралығында қызылшаға қарсы 17 079 адамға екпе егілген. Оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 5142 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар – 5403, басқа жастағы балалар – 3783, медицина қызметкерлері – 2751. Қазіргі уақытта қалада ҚҚП вакцинасы жеткілікті мөлшерде бар, - дейді Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы. 

Эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ студенттерінің жағдайы туралы баяндап берді.

Бүгінгі таңда Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жатақханасында тұратын 1-4 курс студенттері арасында қызылша ауруының 5 жағдайы тіркелді. Барлық жағдайлар бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді, 138 адаммен байланыста болған адамдар анықталып, барлық байланыста болғандарға медициналық бақылау жүргізілуде. Сонымен қатар, студенттерді онлайн оқытуға ауыстыру мәселесін оқу орындарының әкімшілігі шешетінін хабарлаймыз. Қызылша вакцинамен басқарылатын инфекция болып табылады, қызылша жағдайларын тіркеу кезінде науқасты инфекциялық стационарға оқшаулау ретінде іс-шаралар жүргізіледі, байланыста болған адамдардың шеңбері және олардың егу мәртебесі анықталады. Науқаспен байланыста болған жандар вакцина алмаған болса, сырқатпен соңғы байланысқан күнінен бастап 72 сағат ішінде екпе алуы қажет. Барлығына да инкубациялық кезеңде 21 күн ішінде медициналық бақылау белгіленеді, - дейді Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Өзгелердің жаңалығы