Алматыда құрылыс материалдары дүкені өртенді

Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан құрылыс материалдары дүкенінде түнгі уақытта өрт шықты.

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 16 Сәуір 2025 2025, 07:19
16 Сәуір 2025 2025, 07:19
670
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан құрылыс материалдары дүкенінде түнгі уақытта өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, оқиға 16 сәуірге қараған түні Шапағат шағынауданы маңындағы Солтүстік айналма жолында болған.

Келген өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежесін жариялады. Себебі жалын дүкеннің кең сауда алаңын қамтыған. Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, оны дер кезінде оқшаулап, сөндірді, - делінген хабарламада.

Абырой болғанда, зардап шеккендер тіркелген жоқ. Иеліктегі қоймалар мен көршілес ғимараттар қорғалды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Наверх