Алматыда қоймадағы өрт сөндірілді

7 Маусым 2024, 16:25
253
Бөлісу:
Алматыда қоймадағы өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ

Алматыда қоймада шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін Жетісу ауданында қоймада өрт шыққанын жазған едік. 

Шақырылған сәттен бастап 26 минут ішінде өрт жойылды. 230 шаршы метр алаң жанды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Қабылданған жедел шаралар арқасында ТЖМ күштері өрттің мотор майлары бар іргелес қоймаға және тауарлық материалдық құндылықтары бар көршілес қоймаларға таралуына жол бермеді.

Өзгелердің жаңалығы