Алматыда қоғамдық көліктерге «дабыл түймесі» орнатылуы мүмкін

13 Қаңтар 2024, 17:19
57
Бөлісу:
Алматыда қоғамдық көліктерге «дабыл түймесі» орнатылуы мүмкін

Алматылық полицейлер қоғамдық көліктерге «102» арнасына шығатын дабыл түймесін орнатуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус парктерінің өкілдерімен кездесу барысында тілге тиек етті.

Айтуларынша, оқыс жағдайда дабыл бірден «102» арнасына түседі. Сондай-ақ көлік ұйымының диспетчерлік қызметіне де лезде хабар береді.

Бұған қоса қалалық Әкімшілік полиция басқармасының басшылығы автобустардағы бейне және дыбыс жазатын бақылау камераларын жаңартуды ұсынды.

«Басты мақсат – қоғамдық көліктегі кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айының соңында автобус бір топ адамды қаққан еді.

Өзгелердің жаңалығы