Алматыда қоғамдық көлік бағыттары уақытша өзгереді

20 сәуірде Алматыда жартылай марафон өтетін жол учаскелерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Арман Мухатов  - Архив 17 Сәуір 2025 2025, 12:14
17 Сәуір 2025 2025, 12:14
766
Фото: - Архив

20 сәуірде Алматыда жартылай марафон өтетін жол учаскелерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты Қалалық мобильділік басқармасы қоғамдық көлік бағыттарына да уақытша өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.

20 сәуірде сағат 11:00-ге дейін 68 маршруттың қозғалыс сызбасына түзетулер енгізіледі, - деп жазылған хабарламада.

Соның ішінде №1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19, 25 троллейбустардың қозғалысы сағат 11:30-ға дейін тоқтатылады.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерді айналып өтетін қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береміз, - деп жазылған хабарламада.

Наверх