Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда қазақ тілінде дыбысталған анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті

21 Мамыр 2025, 21:59
856
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының ұйымдастырумен “Лило мен Стич” фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Кішкентай қыз бен өзге планеталықтың қызықты оқиғалары баяндалатын туындының жаңа бөлімі прокатқа шықты.

Көрсетілімге тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлерімен депутаттар, дубляж актерлары мен журналистер, блогерлер қатысты.

Алматыда қазақ тілінде дыбысталған анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті

Желтоқсанда қазақстандықтарды тағы бір премьера күтіп тұр. Ғылыми-фантастикалық “Аватар” фильмінің үшінші бөлімі мемлекеттік тілдегі дубляжбен көрсетіледі. Бұл туралы Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы айтты.

Әлем бойынша көптеген жүздеген тілдер бар ғой. Сол жүздеген тіліне түгел аудармайды, жүздеген тілге. Дүниежүзінде осы студиялардың өз қаражатына ұйымдастырып, тізім бойынша аударылатын тілдің саны ары кетсе 30. Қазақ тілі өткен жылдан бері осындай таңдаулы, іріктеулі 30 тілдің ішіне кіріп отыр. Бізге бұл фильмдерге келетін көрермендердің санын енді, орыс тілмен салыстырғанда кемінде 20 пайызға жеткізу міндеті тұр,- деді Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы.

Жыл соңына дейін 4 голливуд фильмі прокатқа қазақ тілінде шықпақ. Айта кетейік, әлемдік кинокомпаниялар картиналарын өз қаражаты есебінен аударады.

Өзгелердің жаңалығы