Алматыда Қазақ-британ техникалық университетінен өрт шықты

Алматыда Қазақ-британ техникалық университеті (ҚБТУ) ғимараты өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 11 Қаңтар 2025 2025, 23:20
11 Қаңтар 2025 2025, 23:20
843
Фото: скрин

Алматыда Қазақ-британ техникалық университеті (ҚБТУ) ғимараты өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәліметтер бойынша Төле би көшесінде орналасқан ғимараттың төртінші қабатындағы бөлмелердің бірінде төбе жабыны жанып жатыр.

Өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы жеке құрамнан 59 адам және 16 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс жасауда, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға аймағында төтенше жағдайға байланысты Төле би және Қазыбек би көшелерінің бір бөлігі уақытша жабылған.

Наверх