Алматы,BAQ.KZ. Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығы қаладағы қылмыскерлерді ұстау операциясы жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Қаңтардың 9-да келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылды: Сайн – Райымбек – Карьерная – Жандосов көшелерінің аумағы, Абай – Достық – Әл-Фараби – Желтоқсан көшелерінің аумағы. Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасуда,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ, лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 508 қатысушысы ұсталғаны белгілі болды.
22 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 412 оқ-дәрі тәркіленді. Блок-посттарда 56 адам, 9 көлік ұсталды. «102» басқару пультіне небәрі 1 мың 021 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Кол-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 525-і дабыл түсті. Барлық хабарламалар өңделді,-делінген комендатура таратқан ақпаратта.