Алматы қалалық полициясы кеше кешке айдауылдау қызметінің көлігінен қашып кеткен 1996 жылы туған азаматты іздеп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бойы 165-170 см, арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекше белгілері: мұрны қисық К.Е. Аубакридің қайда екендігі туралы білетіндердің барлығынан мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-701-758-67-60; 8-778-158-54-44; 254-40-42 немесе 102, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сотталушы ұрлық жасады деп айыпталған.

Қазіргі уақытта қарауылшы жасақтың қызметтік көліктен қашып кеткен бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталған айыпталушыны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.